"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына өтініш беру 29 шілдеде басталады

1233
Adyrna.kz Telegram

29 шілдеден бастап Алматыда "Алматы жастары" ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Бағдарлама аясында 1200 жас отбасына жеке тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, өтініш қабылдау 29 шілде мен 7 тамыз аралығында өтеді. 

Бұл үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Бағдарлама аясында несие беру шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
  • Қамту – ең кемі 1200 адам.

Бұл жолы бағдарламаға қатысушылардың Алматы қаласында тұрақты тіркеуі міндеттелді. 

Бағдарлмаға қатысу талаптары мынадай: 

  1. Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
  2. Өтінім беру кезінде өтініш берушінің және жұбайының (бар болса) Алматы қаласында тұрақты тіркеуі;
  3. Өтінім беру кезінде қатысушы 35 жасқа толмауы керек, ал жұбайының (бар болса) жасы есепке алынбайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады;
  4. Қатысушының және оның отбасы мүшесінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында кейінгі 5 жылда тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактісінің болмауы;
  5. Қатысушының Алматы қаласында ең кемі соңғы 6 ай бойы міндетті зейнетақы аударымы бар жұмыс өтілі болуы қажет. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер және "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасы бойынша жалдаушылары (2019 жылы желтоқсан).
Пікірлер