Қызылордада жиырма жастағы әйелін өлтірді деген күдікті ұсталды

1601
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда облысында 25 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, 21 шілде күні таңғы сағат 6.00-де Қызылорда облысы Шиелі ауданы Майлытоғай ауылына қарасты қойшы ауылда 20 жастағы әйелдің мәйіті табылған. Марқұмның денесінде жарақаттар болған. Жергілікті полиция күдіктіге алдымен іздеу жариялап, кейін оны қолға түсіргенін хабарлады.

«Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру жүріп жатыр. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды», - деді облыстық полициядан.

Пікірлер