Еліміздің барлық облысында дауылды ескерту жарияланды

1464
Adyrna.kz Telegram

Жексенбі, 21 шілде күніне Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеп.

«Астанада 21 шілдеде кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысында 21 шілдеде күндіз шығыста қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда 21 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі», - делінген хабарламада.

Алматыда түнде кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күн күркірейді, екпіні 15 м/с. Қонаевта оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Түнде таулы аймақтарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікте, оңтүстікте, облыстың таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Ал Түркістан облысында, таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұрқасын болады. Тауларда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте, облыстың шөлейт аймақтарында аса жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

Пікірлер