Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге үйді «лоторея» арқылы табыстады

1719
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ақтөбе облысы Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен Жарық ауылының тұрғындарына жаңа үйлерді «лоторея» арқылы табыстады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әкімдік бұл процестің ашық өткенін, тұрғындардың нәтижеге көңілі толатынын хабарлады. Енді жаңа үйлердің иелері қоныс аударуға дайындалуда.

Биылғы көктемде облыстың 6 ауданы мен Ақтөбеде су тасқыны көптеген тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды зақымдады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге көмек көрсету, оның ішінде материалдық қолдау көрсету, тұрғын үйді қалпына келтіру және қажетті азық-түлік пен киім-кешекпен қамтамасыз ету шаралары қабылданды. Тұрғындар да жаңадан салынған үйлерден жаңа баспана алып жатыр.

Пікірлер