Киров су қоймасы 81 пайызға толды - ТЖД

2060
Adyrna.kz Telegram
Фото: Азаттық
Фото: Азаттық

Қазақстанның Жамбыл облысымен шектесетін Қырғызстанның Киров су қоймасы 81%-ға толды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеп.

Қазір барлық су қоймаларының жұмысы мен толтырылуына тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Руслан Орынбеков өңірде 141 гидротехникалық құрылыс нысаны барын, оның ішінде 18-і республикалық меншікте, 115-і коммуналдық меншікте және сегізі жеке меншікте екенін айтты.

«Шекарадағы Киров су қоймасынан судың ағуы күн сайын бақыланады. Қырғыз Республикасының мәліметі бойынша, бұл ірі су қоймасынан су мамыр айында шығарылады деп күтілуде. Барлық су қоймаларының жалпы толтырылуы бүгінде 77 пайызды құрайды. Киров су қоймасы 81%, ірі Тасөткел су қоймасы 94%, Жартас 90%, Бүркітті 47%, Ақкөл 25% толған. Теріскейде Ащыбұлақ қоймасы – 97%, Ынталы су қоймасы – 97%, Қарақоңыр су қоймасы – 99% және Қақпатас – 99% толды деп атауға болады. Су қоймаларын пайдалану кестесі жасалып, су тасқынына қарсы тұру бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", - деп мәлім етті ол.

Пікірлер