Қытайдың Қазақстанға ықпалы күшейе ме?

3563
Adyrna.kz Telegram

Биыл Астанада кезекті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ-ШОС) саммиті өтті. Ұйым сонау 90-шы жылдары құрылды. 

Саммит кеңейтілген форматында өтіп, оған мүше елдермен қатар, бақылаушы елдер қатысты, Беларусь елін қабылдады, ол 10 мүше болып ресми қабылданды. Сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттериш Астанаға келді. Нәтижесінде 25 құжатқа қол қойылды. Бұл тақырыпты саясаттанушы, сарапшылар - Қазбек Майгелдинов және Пердехан Шамшиев “Адырна” ұлттық порталының YouTube арнасында талқылады.

Сұхбат барысында саясаттанушылар Қазыбек Майгелдинов пен Пердехан Шәмшиев Астанада өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) саммитін талдай отырып, елдер арасындағы ықпалдастық және ынтымақтастық жайында талқылайды.

Державалар арасындағы байланыс, аймақтық ұйымдардағы саяси ерекшелік, оған мүше ұйымдардың ұлттық бірегейлігі – сөз осы жайында. ШЫҰ-ның соңғы жиыны және осы ұйымға мүше Қытай және Ресеймен қатынастың ерекшелігі, Түркі одағы идеясы, Орталық Азия елдерінің өзара қатынасы қандай болуы керек, қалай болып жатыр, оның себебі не деген сұрақтарға осы сұхбатта жауап берілген. Сарапшылардың бірі одақтасу үшін демократияландыруды аяқтау керегін айтса, енді бірі батыспен байланысқа барынша абай болу керегін айтады.

Пікірлер