Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті дабыл қақты

1662
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Алматыда ауру өршіп тұр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті дабыл қағуда. Себебі Алматыда сальмонеллез ауруының екі есе өскен.

Департамент бұл ауруды жұқтырған 14 жасқа дейінгі балалар саны 25 пайыз болғанын хабарлады.

"2024 жылдың алғашқы алты айында Алматыда сальмонеллезбен ауыру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1,40 болды. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі 0,67 көрсеткіштен екі есе жоғары", – делінген хабарламада.

Аурудың көп бөлігі дайындау технологиясы мен сақтау шарттарына сәйкес келмейтін, сапасыз өнімдерден жасалған тағамдардады тұтынған жағдайда пайда болады. Одан бөлек, жеке бас тазалығын сақтамаған кезде ауру өрши түседі.

Пікірлер