Алматыдан 17 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС хабарламасына сәйкес, жер сілкінісі бүгін, 2 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 16:56-да тіркелген.
"Эпиорталығы Алматыдан 17 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.2. MPV магнитудасы – 3.6. Эпиорталық координаттары – 43.07° с.е. және 76.81° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша Алматы қаласында сезілуі 2 балл болды" делінген хабарламада.