Білім бөліміндегі былық. Басшы пара алғаны үшін сотталды

2299
Adyrna.kz Telegram
Сурет: zakon.kz
Сурет: zakon.kz

17 шілдеде Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Білім бөлімінің басшысы Жолдыханов бюджет қаражатын жымқырған бас есепшіден пара алғаны үшін жауапқа тартылды.

Сотталушы бюджет қаражатын жымқырған бас есепшіден 280 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Жолдыханов 11 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер