Бағдат Мусин «Қазақтелеком» компаниясын басқарады - дереккөз

1100
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Бұрынғы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болады. Бұл туралы ҚазТАГ жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бүгін Мемлекет басщысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелекомның» басшысы Қуанышбек Есекеевті өзінің кеңесшісі етіп тағайындаған болатын.

Айта кетейік, Бағдат Мусин 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды. Биыл 30 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатты. Кейінірек Мусин әлеуметтік желіде өзінің отставкаға кеткенін хабарлады.

Пікірлер