"Шошып кеттім". Танымал тележүргізуші атқа мінуге құмартқан қыздарға ескерту жасады

1429
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы атқа мінуге құмартып, жиі шабуды әдетке айналдырған қыздарға ескерту жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Медиа маман желідегі парақшасында жазба жариялады.

“Соңғы екі күнде Еркежанмен мың рет хабарласқан шығармын. Тіпті түсімде де жағдайын сұрап жүрмін. Атқа мінуді немесе шабуды жақсы көретін қыздар, жақындаңдар! Бұлай жасауға болмайтынын айтып беремін. Еркежанның фотосын көргенде қатты шошып кеттім. Осыдан бірнеше күн бұрын достарымен атқа шабуға барған. Сол жерде құлап, жарақат алды. Мидың шайқалуы диагнозы қойылды. Ота жасалды. Бірінші рет атпен шауып тұрған жоқ. Бұрын да барып жүретінін білетін едім. Осы жолы қатты құлап, бәрімізді қорқытты”, – деді тележурналист.

Сонымен қатар медиа өкілі бүгінде атқа шабу трендке айналғанын атап өтті.

“Қазір қыз балаларының атқа мінуі немесе шабуы кең таралды. Астананың өзінде бірнеше орындар бар. Еркежан да бірнеше рет барып жүрген орталығына барып, шауып жүрген атына мінген. Қолхат жазып, жауапкершілікті өзіне алған. Менің айтқым келгені, денсаулыққа пайдалы болғанымен, қауіпсіздік бірінші орында. Бастысы – қауіпсіздік пен денсаулық. Атқа мінерде киетін баскиімі, беліне тағатын, байлайтын дүниелері болуы керек. Одан кейін тексерілген атқа отырыңыздар. Одан кейін заңды жұмыс істейтін орталыққа барған дұрыс”, – деп кеңес берді журналист.

Пікірлер