Журналист Данияр Әділбековтің қылмыстық ісі Астана сотына жіберілді

2060
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_5848.jpeg
Журналист Данияр Әділбековтің қылмыстық ісі Астана сотына жіберілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Press.kz-ке сілтеп. «Іс қаралу үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Бірақ маған ауыстыру туралы ресми хабарлама мен айыптау актісі келген жоқ. Бұл прокурор тарапынан өрескел заңбұзушылық», - дейді журналистің адвокаты Әділжан Мауытқанов. Басылым Әділбековке үш бап бойынша айып тағылғанын атап өтті. «Соңғы мәліметтерге сәйкес, оның вице-министр Ерлан Ақкенженовке қатысты жазғаны жалған айыптау деп бағаланып отыр, ал журналист Гүлжан Ерғалиеваның Астана әуежайына қатысты жариялағаны - әдейі жалған ақпарат тарату деп бағаланды», - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін журналист Михаил Козачков Әділбековтың ұсталғаны туралы хабарлаған болатын, оның мәліметі бойынша, «әңгіме Telegram-дағы «Дикая Орда» анонимді арнасында вице-министрлердің бірі туралы жарияланымдар туралы болған».
Пікірлер