Журналист Данияр Әділбековтің қылмыстық ісі Астана сотына жіберілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Press.kz-ке сілтеп.
«Іс қаралу үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Бірақ маған ауыстыру туралы ресми хабарлама мен айыптау актісі келген жоқ. Бұл прокурор тарапынан өрескел заңбұзушылық», - дейді журналистің адвокаты Әділжан Мауытқанов.
Басылым Әділбековке үш бап бойынша айып тағылғанын атап өтті.
«Соңғы мәліметтерге сәйкес, оның вице-министр Ерлан Ақкенженовке қатысты жазғаны жалған айыптау деп бағаланып отыр, ал журналист Гүлжан Ерғалиеваның Астана әуежайына қатысты жариялағаны - әдейі жалған ақпарат тарату деп бағаланды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін журналист Михаил Козачков Әділбековтың ұсталғаны туралы хабарлаған болатын, оның мәліметі бойынша, «әңгіме Telegram-дағы «Дикая Орда» анонимді арнасында вице-министрлердің бірі туралы жарияланымдар туралы болған».
Related news
Kazakhstani students will compete for the title of the best robotics in international competitions in the United States
The conditions of war have changed. Zelensky announced that Ukraine was ready to launch a counterattack