Алматы зауыттарының бірінде қоқыс пакетінде жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
14 шілдеде Алматыдағы зауытта қоқысты сұрыптау кезінде жұмысшылар жаңа туған баланың өлі денесі жатқан пакетті тапты. Полиция қылмыстық іс қозғады.
«Баланың анасының жеке басы және басқа жағдайлар анықталады. Сараптама тағайындалды», - деп жауап берді Алматы ПД.