Қызметтен еріксіз кеткендердің күні не болмақ? - ВИДЕО

1334
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алматы қалалық кардиологиялық орталығы 300-ге жуық қызметкері мәжбүрлі түрде жұмыстан кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

9-шы шілдеде Ұйғыр театры төңірегіндегі Қарағай саябағында депутаттар жиыны өтті. Жиында көтерілген бас мәселе - кардио орталықтың қанша қызметкерінің еркінен тыс жұмыстан кеткені.

ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты Тау Нұргүл сөзінше, “әуелі 150-ге жуық маман орталықтағы лауазымынан босатылған” деген 92 адам қолы бар қағаз кеп түскен. Бір тарап бұл жағдайды басқа қырынан түсіндірсе, арыз жазған екінші тарап көп ұзамай байланысқа шығып, өз нұсқасын тәптіштеді.

Кардио орталықта аға медбике боп істеген Духмахова Сәуле орынсыз орнынан кеткендердің бірі. Ол осы орталықта 30 жылдан аса еңбек еткенін әрі жаңадан келген басшы 6 ай ішінде айлығын 50%-ға қысқартып, аға мейірбике қызметінен қатардағы мейірбике қып бөлек бөлімшеге жібергенін айтты. Жасынан жасамысы көп шағымданушылар зейнетке 1 не 2-ақ жыл қалғанда осындай бейнет көріп отыр.

“Екі адам қағысса, бір кісілік орын бар” демекші, 300 еңбеккер орнын енді кім басады?

Толығырақ Instagram парақшамызда!

Пікірлер