Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай түнгі уақытта болған. Ер адам электросамокатпен келе жатып, жол жиегіндегі жиектасқа соғылып, ауыр жарақат алған.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шақырылған. Алайда медицина мамандары зардап шеккен адамның өмірін сақтап қала алмады.
Полицияның мәліметінше, ер адам оқиға кезінде шлем және өзге де қорғаныс құралдарын пайдаланбаған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Апаттың нақты себептері жүргізіліп жатқан тексеру нәтижесінде белгілі болады.
Ұқсас жаңалықтар
