"Қазақ едім дегенше..." Бард-ақын дүниеге келген күн

1844
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 15 шілде қазақтың тұңғыш бард-ақыны Табылды Досымовтың туған күні.

Ғұмырында жанына гитараны серік еткен ақын 1965 жылы 15 шілдеде Атырау облысының Индербор кентінде дүниеге келген.

Оның «Жанарымның жарқылы» (2000), «Ұнатамын мен сені» (2002), «Жайықтың толқындары», «Табылдының әні» атты өлеңдер мен ән мәтіндері оқырмандар арасында қолдан қолға өтті. Әндері кең байтақ елінің рухын көтерді. Өкінішке қарай, қазақтың тұңғыш бард-ақыны небәрі 2010 жылы 45 жасында ұйқысынан оянбай қалды. Құдды бір өзінің өлімін сезіп кеткендей.

“Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме, Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам...” деп жырлап, қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырда «оянбай қалған» бард-ақынның өлең-жырлары оқырманының әрқайсысының жүрегін әлі де жылытып жүр.

Пікірлер