15 шілде күні утиль алымына қатысты қоғамдық тыңдау өтеді

1592
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Елімізде утиль алым мәселесі жөніндегі петицияға қатысты қоғамдық тыңдау өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Утиль алымы мәселесі жөніндегі петицияның қоғамдық тыңдау 15 шілде күні өтпек. Жалпы тыңдау Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің YouTube арнасында трансляциялар бөлімінде тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Қазақстанда утиль алымына қарсы петицияға 50 мыңнан аса адам қол қойылған болатын. Соған байланысты утиль мәселесін қарайтын жұмыс тобы құрылып, оның мүшелері белгілі болған.

Бірақ жұмыс тобының алғашқы отырысы 6 маусым күні өтпей қалды. Өйткені утиль алымына қарсы петицияны қарайтын жиынға белсенділерді телефонмен кіргізбей қойған.

Айта кетейік, автосарапшы Сұңқар Тұрсынұлы екі есе төмендетілген утилалымнан халыққа қайыр болмай отырғанын да айтады. Автонарық саласына орай маман Қазақстандағы утилалым әлемдік нарыққа әсер етпейтінін айтады. Утиль алымға қарсы петицияға 50 мың адам қол қойған. Сарапшы жеңіл автокөліктерге арналған утилизациялық алым мөлшерін 277 мың теңгеден (2024 жылы төленетін ең аз сома) немесе ең жоғары сома – 2,1 миллион теңгеден 100 мың теңгеге дейін азайту, басқа көлік түрлеріне утилизациялық алымды нөлге тең ету, ал ауыл шаруашылығы техникасынан оны мүлде алып тастау ұсынылғанын айтады.

Пікірлер