Елімізде ҰБТ тапсыру мерзімі аяқталды. Қанша талапкер сынақтан сүрінді?

1657
Adyrna.kz Telegram
Фото: dknews.kz
Фото: dknews.kz

Елімізде негізгі ҰБТ тапсыру мерзімі аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ұлттық тестілеу орталығы 12 шілде күні тесттің аяқталғанын хабарлады. Ұлттық тестілеу орталығы қорытындысы бойынша республика бойынша 181 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырған.

"Талапкерлердің 75,1 пайызы қазақ тілінде, 24,8 пайызы орыс тілінде, 168 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Шекті балды 76,4 пайызға жуық (139 мың) талапкер жинады; Орташа балл – 68 балл. 641 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты", - делінген хабарламада.

Алайда ҰТО ережесін бұзған 628 талапкердің нәтижесі жойылған.

"Смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 393 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 188 адам шығарылды; бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 47 адамның нәтижесі жойылды; Бөгде тұлғалар анықталған жоқ", - дейді орталық мамандары.

Пікірлер