Өзбекстан президенті бүгін АҚШ саясаткеріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.
Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев АҚШ саясаткері Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлім етті.
«Президент Шавкат Мирзиёев Пенсильвания штатындағы сайлауалды баяндамасы кезінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа жасалған қастандық туралы хабарды аса алаңдаушылықпен қабылдады. Мемлекет басшысы бұл қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді және Дональд Трамптың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді», - деп жазды Өзбекстан басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.
Айта кетейік, бүгін де Қазақстан Президенті Тоқаев та қастандыққа қатысты пікірін білдірген еді.