Атырауда ер адам жас түлекті шөп шабуға көмектеспегені үшін өлтіргені айтылды

2075
Adyrna.kz Telegram
Фото: orda.kz
Фото: orda.kz

Атыраулық тұрғын жас түлекті өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Orda.kz мәліметінше, қайғылы оқиға 4 шілде күні болған.

Жас түлек Махамбет ауданы Сарытоғай ауылының тұрғыны. БАҚ мәліметінше, 19 жастағы азамат 17 жастағы түлекті шөп шабуға көмектеспегені үшін өлтірген. Полиция қылмыстық істі  "Абайсызда өлтіріп алу" бойынша тіркеген.

Бірақ 11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының нұсқауы бойынша күдіктінің әрекеттері "абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қайта қаралып, ол қамауға алынды.

"13 шілдеде сот күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Істі тергеу барысы ерекше бақылауда", - деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасы.

Пікірлер