Испания мен Франция құрамалары арасында өткен биылғы Еуропа чемпионатының бірінші жартылай финалдық ойыны аяқталды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Халықаралық турнирдің финалына шығу үшін матч Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында өтіп, 2:1 есебімен Испания құрамасының пайдасына аяқталды.
Кездесудегі алғашқы голды тоғызыншы минутта Франция құрамасының шабуылшысы Коло Муани соқты. Айта кетейік, бұл Францияның бір ойында өздері соққан алғашқы голы. Олар бұған дейін екі автогол және бір пенальти арқылы есеп еселеген болатын.
Ойынның 21-минутында Барселонаның 16 жастағы вундеркинді Ламин Ямаль алыс қашықтықтан соққы жасап, есепті теңестірді.
24-минутта Дани Ольмо ойын есебін 2:1-ге жеткізді.
Еуро-2024 финалында Испания құрамасы екінші жартылай финалда ойнайтын Нидерланды-Англия жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Еске сала кетейік, Еуро-2024 Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. Бұған дейінгі чемпиондар биылғы Еуроның 1/8 кезеңінен өткен Италиялықтар.