NASA ең ұзақ әрі ең қымбат экспериментті аяқтады

1714
Adyrna.kz Telegram
Фото: NASA
Фото: NASA

NASA адамның Марсқа ұшуына дайындық бойынша эксперименттік миссиясының сәтті аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы Euronews жазды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, төрт ерікті «Марс блогынан» — Қызыл ғаламшардағы болашақ колонистердің өмір сүру жағдайын бақылауға арналған тәжірибелік кешеннен шықты.

Экипаж бір жылдан астам уақытты сыртқы әлемнен оқшау өткізді. Төрт астронавт он мыңнан астам үміткердің ішінен таңдап алынған.

NASA ең алдымен ғарышкерлердің оқшауланған, ресурсы шектеулі 160 шаршы метрлік блокта қонғаннан кейін өткізетін өмірінің психологиялық аспектілерін зерттегенін атап өтті.

Онда көмек пен кеңес сұрау мүмкіндігі де шектеулі: тәжірибе барысында шешілген негізгі мәселенің бірі — Жермен байланыстың кешігуі болды.

«Марстықтардың» радио арқылы жауап алуы үшін шамамен жарты сағат күтуіне тура келді, сондықтан экипаждың көпшілігі туындаған мәселені өз бетінше шешуге мәжбүр болды.

Айта кетейік,  эксперимент блогы және «планетаның» айналасы 3D принтерде басып шығарылды.

Олар бір жыл бойы Жерден әкеткен консервіні азық қылды.

Сондай-ақ ғарышкерлер шағын жылыжайда көкөніс өсіруге тырысты. Бұл тапсырма да ресурстарды, әсіресе суды ұқыпты пайдалануды талап етеді.

Пікірлер