Париж-2024. Жеңіл атлетикадан Олимпиадада ел намысын кімдер қорғайды?

2584
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/9cd29bd6-cf09-4528-a4ad-a7fc82ecdcd8.jpeg
Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылардың толық тізімін шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
Әлемдік рейтингінің қорытындысына сәйкес, биылғы жылдың басты додасында ел намысын 7 атлет қорғайды. Олар: Жанна Мамажанова (марафон); Нора Джеруто (3000 м кедергілермен); Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру); Давид Ефремов (кедергілермен 110м); Ольга Сафронова (200м); Дэйзи Джепкемей (3000м кедергілермен, 10км); Елизавета Матвеева (биіктікке секіру). Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасы аталған сынға 80-нен астам жолдама иеленді. Ал, жалпы Франция астанасында алауы тұтанатын жарысқа әлемнің 200-ге жуық елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Дүбірлі додада спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл – Париж Олимпиадасы Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ. Сондай-ақ Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың басты додасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
Комментарии