“Енді абайлап жүрші”. Мейрамбек Беспаев 15 күнге қамалған Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді

1541
Adyrna.kz Telegram

Әнші Мейрамбек Беспаев 15 тәулікке қамауға алынған Қайрат Нұртасты қолдап, жазба жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мейрамбек Беспаев Қайрат Нұртасты айналасындағы сатқын достардан аулақ жүруге шақырып, “бұлтты күндерден кейін, күн шығатынын айтып” жүрекжарды сөздерін арнады:

“Кейде есігіңнен күліп кіріп, текеметіңді тіліп кететіндер болады. Адам аласы ішінде ғой. Досым деп жүріп домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатын хайуандар көбейді. Қайрат інім, Құдай жаныңа қуат берсін. Бұлттың артынан күн шығатыны секілді, әр жамандықтың артынан үлкен жақсылық болатыны ақиқат. Енді абайлап жүрші. Маңайында жүргендерді сұрыптап қарашы. Сені сатқан ақымақтың жазасын Алла береді. Алла әділетті” деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 5 шілде күні әнші Қайрат Нұртастың ұшақта болған жанжалына қатысты онлайн сот отырысы өтіп, үкім бойынша ол 15 тәулікке қамауға алынған болатын.

 

Пікірлер