"Кіші октябрьге" қарсы. Бесеудің хаты жазылған күн

1514
Adyrna.kz Telegram

Бүгін - "Бесеудің хаты" жазылған күн, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

1932 жылы 4 шілдеде қазақтың бірқатар зиялысы Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Филипп Голощекинге хат жазған. Хатта халықтың сол жылдардағы ахуалын баяндалған. Голощекинге мал шаруашылығының күйрегені, социологиялық қайта құрулар, отырықшыландыру мен ұжымдастыру, алым-салық жинау саясатының ашаршылыққа алып келгенін айтып, дабыл қаққан. Бұл оқиға қазақ тарихында "Бесеудің хаты" деген атпен қалыпты.

Елдің жағдайын ойлап, Голощекинге халықтың атынан хат жазғандардың саны - бесеу. Олар жазушы Ғабит Мүсірепов, Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин, Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков пен Мұташ Дәулетқалиев, Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев болды. Алайда хат жазған бес зиялы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған.

Голощекин 1933 жылы Қазақстандағы қызметінен кеткен. Зиялылардың айтуынша, басшылықтың ауысуына "Бесеудің хатының" да үлесі бар.

1989 жылы жазушы Шерхан Мұртазаның "Бесеудің хаты" атты пьесасы шыққан.

Айта кетейік, 2023 жылдың 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданы орталығында «Бесеудің хаты» ескерткіш тақтасы ашылған болатын.

Пікірлер