Ақтауда 13 жастағы эпилепсиямен ауыратын қызды зорлаған бес баланың әкесіне сот үкімі шықты

2557
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_5424.jpeg
Ақтауда жасөспірім қызды зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп. «Ақтаулық бес баланың әкесі эпилепсиямен ауыратын 13 жастағы қызды зорлады. Іс бойынша айғақты заттар жиналып, сараптамалар жүргізіліп, оның кінәсі толық дәлелденді. Сот педофилді 22 жылға бас бостандығынан айырды», - делінген хабарламада. Бұл оқиға зорлық-зомбылыққа қарсы «NeMolchiKZ» қорынан белгілі болды. Деректерге сүйенсек, бес баланың әкесі ұстама ауруына шалдыққан 13 жасар қызға бірнеше рет зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттер жасаған.
댓글
기타 기사