Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммитіне Моңғолия президенті келді

1235
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_5395.jpeg
Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурелсух келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеп. «Моңғолия президенті ШЫҰ саммитіне Астанаға ұшып келді. Ухнаагийн Хурелсухты елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев күтіп алды», - делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада. Моңғолия президенті 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады. «Моңғолия 2004 жылы ШЫҰ-да бақылаушы мәртебесін алған алғашқы мемлекет. Содан
кейін қауымдастықтың географиялық кеңеюі орын алды, бұл ШЫҰ-ның халықаралық беделінің өсуінің дәлелі болды», - делінген хабарламада. Министрлер кабинетінде атап өтілгендей, Қазақстан-Моңғолия ынтымақтастығы аясында дәстүрлі достық саяси қарым-қатынастардан басқа, сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимыл екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі болып табылады. «2023 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 2022 жылмен салыстырғанда 27,7%-ға өскенін көрсетіп, 133 млн долларды құрады», - деп түсіндірді үкімет.
Пікірлер