“Дубайлықтар” мен “тәуелсіздікті жаншып өткен Назарбаев” не істеп жүр?

4112
Adyrna.kz Telegram

Адырна” ұлттық порталы YouTube арнасындағы “Таразы” бағдарламасының кезекті қонағы - қоғам қайраткері, бұрынғы депутат, «Елім-ай» қорының жетекшісі Серік Әбдірахманов.

Сұхбат барысында  қоғамда қазір өзекті болып отырған саяси мәселелерге тоқталды. Ол Назарбаев кезінде ұрланған дүние бандиттік жолмен бөліске түсіп жатыр деп есептейді. Айтуынша, қазір де биліктің ішінде отырған Назарбаевтың адамдары қазіргі президенттің жұмыс істеуіне жол бермей отырса керек. Отарсыздану мәселесі жайында айтқанда Серік Әбдірахманов Назарбаев тәуелсіздікті жекешелендіріп алды деп есептейтінін айтты. Ол тәуелсіздік тұсындағы алғашқы парламент сайлауын еске алды.

«Басында бәрі тәуір басталып, соңында Назарбаев тәуелсіздікті жаншып өтті», - дейді ол.

Серік Әбдірахмановтың айтуынша, содан кейін Назарбаевтың қалауымен, түсінікпен өмір сүру үрдісі қалыптасты. «Астанамыз Дубайда» деп астарлаған ол Мәсімовтің мәселесі, Қытай факторы. 30 жылда қолдан кеткен мүмкіндіктер және Иманғали Тасмағамбетов жайлы айтты. Айтуынша, қазір әр облыс әкімі өз инвесторы мен өз қолдаушысына ие. Осындай жолсыз әрекеттер болып жатқанда қоғам, халық ессіздікке ұшырап, комаға түсіп кетті дейді қоғам қайраткері Серік Әбдірахманов.

Пікірлер