Тұңғыш рет қазақ әйелі Моңғолияда депутат болып сайланды

1791
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТАСС
Фото: ТАСС

Тарихта тұңғыш рет қазақ әйелі Замира Сонгобай Моңғолия парламентінің депутаты болып сайланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеп.

"2016 жылдан бері биліктегі Моңғол халық партиясы 28 маусымда өткен елдің Мемлекеттік Ұлы хуралы  сайлауында тағы да көпшілік дауысқа ие болды", - деп жазады ТАСС.

Елде 2023 жылдың жазында қабылданған жаңа сайлау заңы бойынша парламентте  депутаттық корпустың үштен бір бөлігі әйелдер болуы керек деп белгіленген.  Осылайша сайланған 32 әйелдің қатарына қазақстандық кіріп отыр.

Замира Сонгобай төрт баласы бар көпбалалы ана. Әйел адам Моңғолия іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі. Мамандығы – экономист.

Пікірлер