Роман Скляр жаңа лауазымға тағайындалды

1227
Adyrna.kz Telegram
Фото: Тұрар Қазанғапов
Фото: Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы жаңа құрылым – Ұлттық инвестициялық қызмет орталығын басқарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«1. Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық құру. 2. Ұлттық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің құрылымы негізінде жүзеге асырады», - делінген Үкіметтің өкімінде.

Бекітілген регламентке сәйкес, ҰБОҚ қызметіне жалпы басшылықты премьер-министрдің бірінші орынбасары жүзеге асырады. Бұл лауазымды қазір Роман Скляр атқарады.

Пікірлер