Ләззат Жылқыбаева Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол 1975 жылы 29 наурызда туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Экономика және құқық академиясын бітірген.
Еңбек жолын Алматыдағы №1 Қазақ педагогикалық колледжі тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.
2006 жылдан бастап Алматы қаласы білім басқармасының құрылымында жұмыс істеді. 2012-2016 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасы білім бөлімінің басшысы болды. 2016-2019 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.