Маңғыстау облысының әкімі Димаш Құдайбергеннен көмек сұрады

2833
Adyrna.kz Telegram
Фото: Маңғысстау облысы әкімдігі
Фото: Маңғысстау облысы әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай әнші Димаш Құдайбергеновтен өңірдің туризм саласын дамытуға көмек сұрады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әкім Нұрдәулет Қилыбай әнші Димаш Құдайбергеновпен кездесу барысында Маңғыстау облысында жеке концертін өткізуге ұсыныс жасады.

«Бозжыраға жақындай бергенде ертегі әлеміне кіргендей әсерге бөлендім», – деп әнші Димаш өз әсерімен бөлісті.

Сондай-ақ, ол приезидент Тоқаевтың тапсырмасымен туризм саласы бойынша жұмыс жасалып жатқанын айтты.

«Тәжірибе алмасуға азаматтарымыз Араб және Баку елдеріне барып келді. 2025 жылы Ақтау қаласы турагенттіктің астанасы болады. «Маңғыстау халқына теңіз жағасында жеке концертіңді өткізсең» деп өтініш жасаймыз», – деді Маңғыстау облысының әкімі.

Әнші Димаш Құдайбергенов әкімнің өтінішін қабыл алды.

Пікірлер