Павлодар облысында басынан оқ тиген полиция сержанты жансақтау бөлімінде жатыр

1504
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында жас полицей өзін-өзі басынан атқан. Зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Полицейдің өзін атып тастағаны туралы хабарламаны Telegram kerek.pv арнасы жариялады. Дереккөздің айтуынша, оқиға Ертіс ауылында болған. Айтуларынша, Ертіс аудандық ішкі істер бөлімінің жас қызметкері үйіне келіп, қызметтік қаруымен өзін басынан атып өлтірген.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция қызметкерінің ауыр жарақат алғаны туралы ақпаратты растады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», - деп түсіндірді Павлодар облыстық департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.

Полиция департаменті жәбірленуші 2002 жылы туған полиция кіші сержанты екенін түсіндірді. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жас жігіт 29 маусымға қараған түні Павлодар қалалық No1 ауруханаға жеткізілген.

Пікірлер