Жаңатұрмыстағы жер дауы. Тұрғындар арызын айтты

1847
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары жер мәселесіне қатыстты арызын айтты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Редакциямызға жеткен мәліметтерге сүйенсек, тұрғындар бірнеше жыл бұрын заңды түрде мемлекеттен алған, құжаты толық жерлерін пайдалана алмай отыр. Алматы қаласының жер ресурстарын басқару комитеті 300 тұрғынның жерді сатып алу құжаттарын заңсыз деп танып, шағым түсірген. Тұрғындар біздің конституциялық құқығымыз тапталды деп ашынып отыр:

“Аталмыш жер бұрын шаруа қожалығы болған. Үкіметтен жеке адамдар арқылы сатылым заңды түрде жасалады. Солайша 268 га жер 4 массивке бөлініп, біз заңды түрде сатып алдық. Қолымызда барлық мемлекеттік акт, сатып алу құжаттары түгел. Енді келіп жер ресурстарын басқару комитеті сол құжаттарымызды жоққа шығарып, жерді тартып алмақшы. Біздің қолымызда мемлекеттік мөр басылған құжаттар тұр. Комитет келіп жай ғана жерді мемлекетке қайтарып бермек. Төлем жасау туралы ешқандай әңгіме айтылмады. Сонда Алматы қаласының жер ресурстарын басқару комитеті мемлекеттік құжатты сыйламағаны ма?” деді Жаңатұрмыс тұрғыны Айдана Болат.

Тұрғындардың айтуынша, Алматы қаласы жер ресурстарының комитеті 300 мемлекеттік акт иесінің келісім-шарттарын, үй салуға рұқсат қағаздарын да жарамсыз еткен.

Бас көтерген жер иелері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан, ҚР Конституциясынан араша сұрауда.

Жер дауына қатысты сот Жаңатұрмыс ауылында, жұма күні өтетіні айтылды.

Пікірлер