Белгілі ғалым Досмұхамбет Кішібеков дүниеден озды

1313
Adyrna.kz Telegram

Абыз ақсақал, академик, философ, ардагер Досмұхамбет Кішібеков 100-ге таяғанда өмірден озды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы Дәурен Дариябек желіде бөлісті.  

Досмұхамбет Кішібеков 1925 жылы Шиелі ауданында туған. Ғалым, философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақ КСР Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері.

Досмұхамбет Кішібеков 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қызылорда педагогика институтының (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) тарих факультетін бітірген (1948).

1948 – 49 жылдары Қызылорда мемлекеттік педагогика институтында оқытушы, 1949–53 жылдары КСРО Ғылым Академиясының Философия институтында аспирант, 1953 – 64 жылдары Қазақ политехникалық (ҚазҰТУ) институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер.

1964 – 96 жылдары Қазақ ұлттық техниклықа университетінің философия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды, 1996 жылдан осы университеттің қоғамдық пәндер кафедрасының профессоры.

Негізгі ғылыми еңбектері қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, дәстүрлі дүниетанымына арналған. Халықтың өткені мен бүгінін ғылыми саралап, оның діліне, болмысы мен әдет-ғұрпына, дүниеге көзқарасына философия талдау жасап, философия тарихы мәселесін зерттеді. Сондай-ақ, Кішібеков өтпелі кезеңдегі қоғамның даму заңдылықтарын, қоғамдық қатынастардың жай-күйін айқындап, бір қоғамнан екінші қоғамға өтуде демеуші факторлар қажет екендігін негіздеді.

«Достық» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталды.

Кішібеков 580-нен астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 47 монография, оқулық, кітаптар мен кітапшалар жазды.

Пікірлер