Қыркүйек айынан бастап қыздарға екпе егілетіні айтылды

1493
Adyrna.kz Telegram

Қыркүйек айынан бастап еліміздегі барлық қыздарына папилома вирусына қарсы екпе егіледі. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқп сәйкес, 9 млрд теңгеден астам сомаға 350 мың доза вакцина сатып алынды.

«Бұл вакцина АҚШ та өндірілген  GlaxoSmithKline - бельгиялық вакцина. Сапасы бүкіл әлемде дәлелденген және жүзден астам елде қолданылып жүрген төрт валентті Гардасил-4 вакцинасын сатып алып жатырмыз», - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова Мәжіліс сыртында.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, вакцина міндетті түрде тіркелуі керек, Гардасил ғана емес, кез келген вакцинаның әрбір партиясы елге кіргізілерде үнемі тексеріледі, қауіпсіздігі мен сапасын растайтын барлық құжаттар қаралады. Ол сондай-ақ вакциналаудан кейін аздаған реакция болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Температураның жоғарылауы, шамалы ісіну аз уақыт ішінде өтеді, сондықтан, әдетте, инъекция орнында ісіну пайда болса да, бұл мектептен босатуға себеп емес», - деп нақтылады бас дәрігер.

Мәліметке сүйенсек, бұл екпе әйелдер арасында  патологиялық  ауруды 90% -ға төмендетуге мүмкіндік береді. Вакциналау 6 ай аралықпен 2 кезеңде жүргізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жатыр мойнының қатерлі ісігін вакциналау арқылы алдын алуға болады. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын жатыр мойнының қатерлі ісігінен 2 мыңға жуық әйел тіркеліп, 600-ге жуық әйел көз жұмады. Сонымен қатар, әйелдер арасында жатыр мойнының қатерлі ісігі сүт безі ауруынан кейін екінші орында тұр.

 

Пікірлер