Ақтауда туысын құтқармақ болған жас жігіт суға батып, ажал құшты

1442
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ақтауда туысын құтқармақ болған жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға Шора су арнасында 22 маусым күні бдолған.

Маңғыстау облыстық ТЖД әлеуметтік желілерде жас жігіттің суға батып бара жатқан видеосын растады. Ол туысын құтқаруға асыққан. Соның салдарынан оның өзі де қаза тапқан.

Сағат 21.33-те жағадан 60 метр жерде екі метр тереңдіктен 1995 жылы туған жас жігіттің денесі табылып, судан шығарылды. Іздеу жұмыстарын бес маман жүргізген.

Пікірлер