Олимпиадалық академия мәресіне жетті

804
Adyrna.kz Telegram

Маусымның 14-20 күндері Тараз қаласында республикада баламасы жоқ жобаларымыздың бірі "Олимпиадалық академияның" республикалық қорытынды кезеңі өтті.

Сайысқа 3-4 сынып оқушыларынан 414 оқушы, 5-сыныптардан 269, барлығы 683 оқушы қатысты. Математикадан жекелей және командалық сайыстармен қоса, лагер форматында қызықты ойындар болды.

Командалық сайыстың финалы "ZERDELI INTERNATIONAL SCHOOL" базасында болды. Олимпиаданың марапаттау салтанаты 3-4 сыныптарда 17 маусым, 5-сыныптарда 20 маусым М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің акт залында өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Саурықов Ерболат Байұзақұлы, Керімбек Болат Бақбергенұлы, Халықаралық Тараз Инновациялық Институты вице-президенті Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Тұрлыбек Аслан Еділханұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Математика" кафедрасының доценті Әшірәлі Ниетбаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің академиядық жұмыс жөніндегі директоры, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Сәуле Құрмантайқызы Әлімбаева, Жамбыл Дарыны өңірлік ғылыми-практикалық орталығының басшысы Есеналиева Майра Аманқұлқызы қатысып, оқушыларды жүлделі орындарымен марапаттады. Жалпы олимпиада жүлде қоры 20 милион теңгені құрайды. Бас жүлделерге 10 айфон 15, 1, 2, 3- орындар бойынша басқада бағалы сыйлықтар берілді.

Айта кетерлігі, биыл үшінші рет ұйымдастырылған бұл жобаның 2000 жылдық тариха бар қасиетті Тараз топырағында өтуінің өзі әр өңірден келген білімпаздарды тарихпен де тамырластыру.
Командалар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Тараз, Талдықорған, Қызылорда, Жезқазған, Алматы облысы Талғар, Іле және онлайн командасы бойынша басқа облыстардан да оқушы келеді. Барлығы 3-сыныптардан 16 команда, 4-сыныптардан 24 команда, 5-сыныптардан 24 команда қатысты.

Басында бәсекелестікпен басталған сайыстың соңы достыққа, қыймастыққа ұласты. Балалар әр өңірден дос тапты, бауыр тапты.

«Әр қазақ — менің жалғызым» деп Сабыр Адай ағам айтқандай, болашақта осы балапандар бір-біріне қамқор, бауыр болса деймін. Аптаға созылған доданы бастан-аяқ өзім бақыладым, басы-қасында болдым. Балалармен тікелей тіл алысып, ақ батамды беріп, басынан сыйпадым»,— дейді жоба авторы, ZERDELI ақыл-ой дамыту орталықтары мен мектептерінің негізін қалаушы, елге танымал математик Ырысбек Мәуіт.

 

Пікірлер