Павлодарда монша-кір жуу кешенінің қазандығы жарылды (ВИДЕО)

1033
Adyrna.kz Telegram

Кеше, 19 маусым күні Павлодарда монша-кір жуу кешенінің қазандығы жарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жарылыс салдарынан кешеннің сыртқы қабырғасы жартылай опырылып, жақын маңдағы көліктерге зақым келді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бу қазандығында саңылау пайда болғанын мәлімдеді. Отын ретінде сұйытылған газ пайдаланылған.

«19 маусым күні сағат 19.39-да Павлодар қаласындағы монша-кір жуу кешенінің аумағындағы қазандықтың бір қабатты ғимаратында жарылыс болды. Бу қазандығында саңылау пайда болып, салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы туындаған. Оның әсерінен ғимараттың жалпы аумағы 20 шаршы метр қабырғасы құлады. Сонымен қатар жақын маңда тұрған жеңіл автокөліктер зақымданды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ»,—деп түсіндірді департамент.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері мен 4 құтқарушы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығы мен полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

<

Пікірлер