ЕО Қазақстанды санкцияны айналып өтетін ел болмауға шақырды

1572
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О ‘ Салливан Қазақстанға келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.


Өкіл Ресей билігімен санкцияларға қатысты қандай мәселелер талқыланып жатқанын айтты. ЕО дипломаты Қазақстанның одақтағы ең ірі мұнай жеткізуші екенін атап өтті.

Одан бөлек, Салливан еуропалық тараптың Қазақстаннан Ресейге санкциялық тауарларды қайта экспорттауына алаңдау барын мәлімдеді.

“Біздің қайта экспорттау бағытына алаңдаймыз. Үлкен экспорттың жүріп жатқанын көріп отырмыз. Басынан бастап Қазақстанның санкцияларға қосылмау туралы шешімін құрметтейтініміз жайында ұстанымымыз жарияланды. Бар сұрайтынымыз - бұл G7 елдерінің санкцияларын айналып өтуге мүмкін беретін ел болуға жол бермеу. Біз мұндай жағдай болмайтынына және әскери мақсаттағы бұйымдар Ресейге қайта бағытталмайтынына кепілдік берілгеніне қуаныштымыз”, - деді ол.

Айта кетейік, ЕО өкілі Қазақстанға алғаш келгенде «Астана Мәскеуге қатысты шектеулерді сақтамады» деген пікір білдірген еді.

Пікірлер