Солтүстікте алқабилер кісі өлтіріп, қарақшылық жасаған жасөспірімдерді ақтады

1257
Adyrna.kz Telegram

Солтүстікте кісі өлтіріп, қарақшылық жасаған жасөспірімдер ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Massaget.kz-ке сілтеп.

Сотталушыларды алқабилер ақтады. Жоғарғы сот мәліметінше, айыпталушы жәбірленушінің үйінің ауласына кіріп, оны өлтіріп, 150 мың теңгесін ұрлап кеткен. Екі айдан кейін айыпталушылардың бірі әжесінің, одан кейін досының 2 млн теңгеден астам ақшасын ұрлап алған.

"Тонау және кісі өлтіру бойынша айыпталушылар кінәсіз деп танылып, кінәлары дәлелденбегендіктен ақталды. Олардың бірі бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Оның кінәсі мойындауларымен, жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді", - делінген сот мәліметінде.

Айыпталушы жасөспірімнің кәмелетке толмағандығы, кінәсін ішінара мойындауы және 3-топтағы мүгедектігі барлығы аталып, жазасы жеңілдетілген. Айыпталушы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер