Самат Әбіштің 8 жылға шартты түрде сотталуы қаншалықты заңды?

1602
Adyrna.kz Telegram
Сурет: basnews.kz.
Сурет: basnews.kz.

Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің 8 жылға шартты түрде сотталуы қаншалықты заңды? Бұл сұраққа жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Рахметуллинаның айтуынша, мұндай жағдайларда шартты түрде соттау жиі кездеседі.

"Шартты жаза жиі қолданылады. Ол аса ауыр қылмыстар үшін қолданылмайды, егер жазалау мерзімі 12 жылдан асқан болса, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қолданылмайды. Ол адамның бұрын сотталған-сотылмағаны, мінездемесі, қылмыс жасау кезінде келтірілген залалды өтеген-өтемегені ескеріледі. Шартты жаза жиі қолданылады, нақты цифрларды қазір айта алмаймын", - деді сот алқасының төрайымы Парламент кулуарында.

Сондай-ақ, ол Қылмыстық кодекстің 63-бабында шартты түрде жаза қолданылмайтын қылмыстардың тізімі бар екенін айтты.

"Тыйым салынбаған жағдайда, шартты түрде жаза қолдануға негіз бар ма, жоқ па, сот жеке-жеке шешім қабылдайды", - деді алқа басшысы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер