Мемлекеттік субсидиялауды азайту үшін билет бағасын көтеру қажет - көлік министрі

1364
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік субсидиялауды азайту үшін пойыз билеттерінің құны үш есеге қымбаттауы керек, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы көлік министрі Марат Қарабаевтың сөзіне сілтеп.

Көлік министрі Марат Қарабаев мемлекеттік субсидиялауды азайту үшін билет бағасын көтеру қажет екендігін атап өтті.

«ҚТЖ билеттерінің құнын көтерген жоқ. Алайда жолаушылар тасымалының шығыны оның кірісіне сай болмағандықтан, мемлекет есебінен 23 млрд теңге субсидиялайды. Мемлекеттік субсидиялау бұл тағы да салық төлеушілердің ақшасы. Сондықтан субсидияланатын бөлікті төмендету үшін билеттердің құнын арттыру мәселесін қарастыруға болады», – деді министр.

Субсидия құны өтелу үшін билеттер құны үш есе қымбаттауы керек.

2023 жылы ҚТЖ ұлттық операторы 329 млрд теңге шығынға ұшыраған. Соның ішінде тау-кен саласының жүктерін тасудан келген шығын 172 млрд теңгені құраған.

«Билет құнын көтеру қазіргі таңда қарастырылып жатқан жоқ», - деп атап өтті Көлік министрлігінің басшысы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер