"Намаз оқымасақ, ұрады". Ауған қазақтарының бүгінгі тұрмысы туралы деректі фильм шықты

4446
Adyrna.kz Telegram
Фото: "Жалғыз жолаушы" ютуб-арнасынан
Фото: "Жалғыз жолаушы" ютуб-арнасынан

Ауған қазақтары туралы деректі фильм шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы "Жалғыз жолаушы" ютуб-арнасындағы арнайы материалда баяндалған.

Бүгінде Ауғанстанда үш жүздің қазақтары бар. Жүргізуші Санат Ілияс Ауғанстанға арнайы сапарлатып, қазақ ауылына барған. Ондағы қазақтардың буыны өз ұлтын, тілін ұмыта бастаған. Мектепте білім алмай, сақал өсіріп, тезек теріп, жамалған киіз үйде өмір сүрген қандастардың тұрмыс-тіршілігі төмен екенін байқауға болады.

"Мен Ауғанстандамын. Бұл елде үш жүздің де қазақтары бар екен. Олардың басым бөлігі тілін ұмытпаған. Талибан билейтін мемлекетте домбыра шертуге болмайды. Ал ондағы қазақтардың жағдайы тіпті ауыр. Жарық, су, жылу жоқ", - деп жазды Санат Ілияс.

Ауғанстандағы қазақтардың бірі "Сақал өсірмесек, намаз оқымасақ, бізді ұрады" деп пікір білдірген. Табын руынан шыққан қазақ баласы "Құран оқимын, мектепке бармадым. Мектеп жоқ бізде" дейді.

"Сүт жоқ, сиырлар аштықтан тумады. Ет жемейміз. Шөптер құрып қалған. Жейтін нәрсе жоқ. Тоғайдағы жыңғылды жейді. Соғыстан аман қалдық. Бірақ аяғына оқ тиген. Әкеміз, туысқандарымызды атып кеткен", - дейді Айдана есімді әжей.

Пікірлер