Шегірткені жеуге бола ма? Денсаулық сақтау министрі жауап берді

1973
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі шегірткені жеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

11 маусымда министр Ақмарал Әлназарова Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында вице-премьер Серік Жұманғариннің шегірткені «халал ас» деген мәлімдемесіне пікір білдірді.

«Өткен аптада премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «шегіртке халал, оны жеуге болады» деп мәлімдеме жасап, біраз сынның астына қалды. Сіз – Қазақстанның бас дәрігерісіз. Осыған қатысты сіздің пікіріңізді білсек, шынымен шегірткені жеуге бола ма?» - деп сұрады “Азаттық рухы” редакциясының тілшісі.

Министр жауап беруден қашқақтағанымен кейіннен БАҚ сұрағына жауап берді.

«Әріптестер, сіздерді құрметтеймін. Бұл сұрақты комментарисіз қалдырсам... Әрбір мемлекеттің өзінің дәстүрі бар. Қазаққа тән емес дәстүр деп білемін. Сондықтан қазір оның зияны, пайдасы бар, халал, халал емес деп айтуға дайын емеспін. Бұл менің құзыретіме кірмейді», - деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Пікірлер