Көкшетаудың заманауи тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алынады

1221
Adyrna.kz Telegram

Көкшетау, Қосшы, Щучинск және Зеренді ауданының 200 отбасы жаңа үйлерде әрленген пәтерлердің кілттерін алады.

Ақмола облысы әкімінің бастамасымен осы жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтары санатына арналған тұрғын үй салынбайды, олар нарықтық құны бойынша бәсекелестік негізде сатып алынатын болады. Талаптарға сәйкес пәтерлер әрленген және жайлылығы жоғары болуы керек. Бағдарламаға қатысушылар - жергілікті құрылыс компаниялары.

Бұл жоба үлкен қажеттілігі бар елді мекендерде іске асырыла бастады.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қоғам белсенділері мен блогерлермен бірге сатып алуға арналған пәтерлерді аралап көрді.

«Бүгінгі таңда қала әкімдігі 129 пәтер сатып алуға конкурс өткізді. Оның қорытындысы шығарылғаннан кейін осы айдың соңына дейін тұрғындарға кілттерін табыстаймыз. Біздің басты талабымыз - пәтерлерге бірден қоныстануға болатындай жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу керек. Жұмысты бақылау үшін қоғам қайраткерлері мен мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан комиссия құрылады», - деп атап өтті М.Ахметжанов.

Айта кетейік, осы жылдың соңына дейін облыс бойынша барлығы 841 пәтер беру жоспарланып отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер