Димаш Құдайберген Қытайдың тележобасына қатысты

722
Adyrna.kz Telegram

Димаш Құдайберген 8 маусым күні Қытайдың басты телеарнасындағы жобаға қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстандық әнші CCTV-1 арнасы Қытайдың Орталық радио және теледидары Мәдениет және туризм министрлігімен бірлесе отырып, Қытай мен басқа да шетелдер арасындағы кең ауқымды халықаралық мәдени алмасу мақсатында жүзеге асырған "Сұлулық пен үйлесімділік" жобасында өнер көрсетті.

"Музыка шекараларды, ал мәдениет көпірлерді бағындырды. Әуен басталғанда, менің әнімнен күш пен қайраттың лебі сезіліп тұрады деген үміттемін", – деп жылы лебізбен Димаш жанкүйерлерін бағдарламаны тамашалауға шақырды.

Халықаралық ынтымақтастық ретінде әнші Димаш Қытайдан келген Сучжоу жастар симфониялық оркестрінің хоры POLY WeDo сүйемелдеуімен әйгілі "You Raise Me Up" композициясын ұсынды.

Пікірлер