Ресейде авиакомпания экипажы апатқа ұшырап, стюардесса көз жұмды

1664
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ресейде авиакомпания экипажы жантүршігерлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға 9 маусымға қараған түні Сочи қаласында болған. Ресейлік Nordwind авиакомпаниясының экипажы апатқа ұшырағаны хабарланды.

Оқиға Сочи әуежайынан қонақ үйге барар жолда болды.

«Авиаторщина» Telegram-арнасының ақпаратынша, N4 520 Курган – Сочи рейсін орындағаннан кейін ресейлік Nordwind авиакомпаниясының экипажы ұшудан кейінгі барлық рәсімдерден өтіп, авиатасымалдаушы тапсырыс берген шағын автобусқа отырған. Экипаж трансфері екі ұшқыш пен төрт стюардессаны қонақ үйге жеткізуі керек еді.

Алайда жолда Адлер – Псоу айналма жолында шағын автобус жол қызметтерінің камазына соғысқан. Куәгерлердің автобус жүргізушісі телефонға алаңдап, жолда тұрған жүк көлігін уақытында байқамағанын айтады. Жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шеккен. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Telegram арнаның мәлімеьінше, 34 жастағы стюардесса реанимацияда көз жұмған. Оның артында екі баласы қалған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер