Түркияда «Қанышнаманың» тұсау кесері болды

1254
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Ыстанбұлда белгілі айтыскер «Алтын домбыра» иегері Аспанбек Шұғатайдың «Қанышнама» кітабының тұсау кесері болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тұсау кесер Ыстанбұлдың Сапакөй ауданындағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығында өтті. Аталған шараға Түркиядағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығының басшысы Ержан Уәйіс, Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы басшысының орынбасары Санжар Мулазимоглы, «Өмір жолымдағы соңғы көш» кітабының авторы Абдуррахман Четин, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдіуақап Қара, Мансұр Тайжы, Фазлы Топлы, Әсия Ғайса, Бешір Көсе, Абдулхалим Қарақол, Мұрат Теміс, Қыдыр Жұма, Данияр Иманбек, Руслан Беген және тағы басқада тұлғалар қатысты.

«Қанышнама» кітабы поэма негізінде жазылған екен. Кітапта ұлы ғалым Қаныш Сатбаевтың бүкіл өмір жолы мен атқарған қызметтері поэма негізінде суреттелген. Кітап қалтаға салып жүргенге ыңғайлы кішігірім етіп шығарылған. Кітап тұсаукесерінен кейін елден барған айтыскер ақын Дидар Қамиев пен кітап авторы Аспанбек Шұғатаев айтыстан шашу шашты. Түркия жеріндегі қазақтарда айтысты сағынып қалған екен.

Жалпы, тұсаукесер қазақтың бірлігін, қазақтың ата-дәстүрін, рухани мәдениетін Анадолы жерінде бір көтеріп жіберді.

Пікірлер